Су тасқынынан қауіп төнген күндері төтенше жағдай қызметі үшін тынымсыз болды. Тасқынға қарсы тұруға өзге өңірлерден де төтеншеліктер келді.
Тұрғындар мен жан-жануарларды қауіпсіз аймаққа көшіруден бастап, қауіп сейілгенге дейін бір тыным таппаған сол төтеншеліктерді теректіліктер кеше салтанатпен шығарып салды.
Ержүрек, күн-түн демей алғы шептен табылған азаматтарға аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова:
- Құрметті төтенше жағдайлар қызметкерлері, Теректі ауданына келіп, бізге көрсеткен көмегіңізге аудан халқы атынан алғысымды білдіремін. Әрдайым жұмыста алда болыңыздар, - деп жылы лебізін жеткізді.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Серіков те “Құрметті әріптестер! Сіздерге зор алғыс. Тек жақсы күндерде жолығайық”, - деген тілегін білдірді.
Салтанатты шарада аудан өнерпаздары Айнұр Қуанышқалиева, Эльдар Сатқанов, Аңсар Сағиев ән шырқады.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz