26.04.2024, 15:17
Оқылды: 92

Психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана жойылды

"2024 жылғы 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

98b4b1ab6f95d1bbf5ce5f084bdc3e27_1280x720

Фото: www.gov.kz

Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

6cd1caf8b2b7ff2b9af42090f771c118_1280x720

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале