26.04.2024, 17:34
Оқылды: 26

Шыңғырлау ауданында автокөлік жолдары жөнделіп жатыр

Көктемгі су тасқыны кезінде бірнеше автокөлік жолдары зардап шегіп, жолаушылардың ауыл, аудан, қала орталықтарына барып келуіне қолайсыздық тудырғаны белгілі. Сол себепті жыл сайын жүргінші мен көліктердің жағдайына қарай, жол жүру ережелері сақтала отырып, жолдарды тазарту, қыру, тегістеу мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуы шартты және аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып отыр. 

439227606_1850793995332360_8258954254976984608_n

Шыңғырлау аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үйлестіруімен бүгінгі таңда Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай, Шыңғырлау-Ақтау-Ардақ бағытындағы және де Шыңғырлау аудан орталығындағы ауылішілік автожолдарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді. Алдағы уақытта басқа да ауылдық мекендердегі автокөлік жолдарын жақсарту көзделген.

439212120_1850794015332358_3673696642736486970_n

Бүгінге дейін Шыңғырлау - Ақшат-Сегізсай бағытындағы автокөлік жолы 73 шақырымға дейін тегістеліп, қалпына келтірілді. Жұмысқа екі МТЗ-80 тракторы және ГС-14.02 автогрейдері жұмылдырылды. Сондай-ақ Шыңғырлау ауылы орталығындағы ауылішілік жолдарды қалпына келтіру үшін тағы бір МТЗ-80 тракторы жұмыс істеп жүр. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын «Шыңғырлаукомтехсервис» мекемесі толықтай атқаруда.

Ал Шыңғырлау-Ақтау-Ардақ бағытындағы жол тегістеу шараларын «Ернар» шаруа қожалығы қолға алып, жұмыстанып жатыр.

Айсұлу Мұса, 

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале