26.04.2024, 22:02
Оқылды: 97

Ардагерлерге қамқорлық бар

Адамзат басынан өткерген ең қанкұйлы қақтығыстардың бірі – екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 79 жыл толып отыр.
Сол Ұлы Отан соғысы жылдары аға ұрпақтың Отан үшін, біздің азат, бейбіт өміріміз үшін тайсалмай ұрыс салып, қандыбалақ жауды інінде талқандаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

ақша
Жыл өткен сайын майдангерлер мен тылда тер төккен ардагерлері қатары азайып келеді. Елімізде әр майдангер, әр тыл еңбеккеріне үнемі қамқорлық көрсетіліп, денсаулығы мен тұрмыстық жағдайының жақсы болуын қадағаланады. Мәселен, жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында әлеуметтік төлем төленеді.
Бұл жөнінде Теректі ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова: «Биыл аудан бойынша жергілікті бюджеттен осы бағытта 312 азаматқа 20350 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Соның ішінде 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған 180 адамға, әр қайсысына 50 мың теңгеден, 9 млн. теңге төленді. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының екінші рет некеге тұрмаған зайыбына 60 мың теңге берілді. Бұлардан басқа бейбіт кезеңде қаза тапқан әскерилер отбасына, мүгедек болып қалған әскерлерге және т.б санаттағы азаматтарға төлем жасалды» деген мәлімет берді
Қан майданда қан төккен, тылда тер төккен аға ұрпақтың ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес және ешқандай ақша, төлеммен өлшенбейді. Бұл төлемдер еліміздің ардагерлерге көрсетіп отырған қамқорлығы.

Камелия Өтеу,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале