Соңғы жылдары мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығын да қолға алған "Боранбаев" шаруа қожалығы биылғы көктемде де егін егуге белсене кірісті.
Бұл жолы Мырзабай Боранбаев ағамыз 660 гектар жерге егін салмақшы. Әзірше 300 га жерге судан шөбін егуге кірісті. Егіс басында Жасқанат Қаламаш, Мержан Төлепов сияқты трактор тізгіндеген жігіттерімізбен бірге ғылыми кеңесші, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Төлеген Бөлекев те жұмыстануда.
Естеріңізге сала кетсек, судан шөбі сабағы тік, жұмыр, биіктігі - 50 – 90 см, жуандығы- 3 – 13 см, ашық жасыл түсті, жақсы түптенеді, өнімді және оруға қолайлы. Жапырағының ұз. 45 – 70 см, ені 2 – 4,5 см. Гүл шоғыры – көп масақты, шашыраңқы сыпыртқы, сыпыртқысының әр тармағының ұшында 1 тұқымды, 2 тұқымсыз масағы болады. Тұқымы сары, сұрғылт, қызыл не қара сопақша дәнек. Судан шөбінің шыққан жері Судан мемлекеті. Оны пішен, сүрлем, көк балауса дайындау және дән алу үшін өсіреді. Сонымен қатар құнарлы мал азығы, мал таптап кеткеннен кейін де тез қалпына келіп, бір айдың ішінде қайтадан жайылым ретінде пайдалануға жарайды. Құнарлылығы жағынан бұршақ тұқымдасынан ғана аса алмайды. Көк шөбінде 12,3% протеин, 2,4% май бар, ал пішеніндегі осы көрсеткіштер 12,5 және 2,8%-ға тең. Судан шөбінің 100 кг көк балаусасында 17, пішенінде 52, сүрлемінде 228 мал азықтық өлшем бар. Оның әр га-нан 100 – 120 ц-ге дейін пішен, 250 – 350 ц көк балауса, 8 – 14 ц-ге дейін тұқым алуға болады. Судан шөбі – жылу сүйгіш өсімдік, дәні тұқым сіңірілген тереңдіктегі топырақ қыртысы 7 – 9°С-қа қызған кезде өніп-өсе бастайды. Көктеп шығуы үшін қолайлы темп-ра 20 – 30°С, 3 – 4^×С-та көктеп шыққан жас өскіні зақымданып, өліп қалуы мүмкін. Құрғақшылыққа төзімді, бірақ суармалы жерлерде өнімді жақсы береді.
Ұлпан Жакина,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz