28.04.2024, 12:31
Оқылды: 49

Иван Лявинсков: "ауылдастарымды 1 мамыр мерекесімен құттықтаймын"

Қазақстан елі егемендік алғалы халықтар достығын, ынтымақ пен бірлігін кеңінен насихаттап, адамдар құқығын ту етіп келеді.

20240426_153942

Соның арқасында бүгінде Қазақстанымыз достық мекенінің киелі шаңырағына айналып отыр. Қазақ елін қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барлық этнос өкілдері сол шаңыраққа шаншылған уықтар болып есептелетіні сөзсіз. Сондықтан ортақ Отанымыз Қазақстан Республикасының босағасын берік, шаңырағын биік ұстау елдік міндетіміз деп білемін. Мен киелі Жалпақтал ауылының тумасымын. Ата-бабаларымыз ертеден осы өңірді мекендеп, Жалпақтал елін атамекеніне балаған. Біздер де қазір сол үрдісті жалғап, Жалпақтал ауылында өмір сүріп жатырмыз. Жұмысым бар. Ұзақ жылдардан бері жол саласында автогрейдерші (механизатор) болып, бүгінгі таңда №41 Жалпақтал жол пайдалану мекемесінде абыройлы еңбек етудемін. Ұжымымыз өте тату. Сол татулықтың арқасында көптеген белестерді бағындырып, жетістікке жетіп жүрміз. Біз үшін ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулықты сақтау – басты міндет болып қала бермек. Сондықтан жергілікті жердегі орыс ұлты өкілдері атынан барша ауылдастарымды 1 мамыр — бірлік мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, шаңыраққа шаттық, береке, бірлік тілеймін! Ел тату болса, алынбайтын қамал болмайды. Халықтар достығы арасындағы бірлік пен ынтымағымыз нығая берсін!

Мереке құтты болсын, жерлестер!

 

Иван Лявинсков,

№41 жол пайдалану мекемесінің автогрейдершісі,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале