"Ресейде әлемнің 27 елінен спортшылар қатысқан қоян-қолтық ұрыстан өткен халықаралық жарыстар аяқталды", - деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Қазақстан құрамасының сапында ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері де өнер көрсетті.
«Жекпе-жекте» 20850 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Жандос Мадихиянов (57 келі) пен аға сержант Арнат Нәметов (62 келі) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.
90 келі салмақ дәрежесінде «өзін-өзі қорғауда» 32039 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Нұрдәулет Ержігітов қола жүлдегер атанды.