"1 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шараның мақсаты – екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне волонтерлер тарапынан қолдау көрсету. Игі іске 4,5 мыңнан астам волонтер қатысады", - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: www.gov.kz
Сонымен қатар «Jas niet», «Жақынға көмек» және басқа да акциялар аясында волонтерлер 1000 ардагер мен тыл еңбеккерінің үйіне барып, естелік сыйлықтар табыстайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ волонтерлер жалғыз тұратын ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлері мен аулаларын тазалау бойынша рейдтер ұйымдастырады.
Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 мамырдан 9 мамырға дейін ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күнін мерекелеуге арналған «Жеңімпаздар тарихы» онлайн-челленджі өтеді