1.05.2024, 14:30
Оқылды: 48

Тасқалада тіл жанашырларының қатысуымен семинар өтті 

Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тапсырысымен облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілдік құзыреттіліктің нормалары» тақырыбында семинар өтті.

IMG-20240430-WA0133

Жиынға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан,  Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Алтынбек Әбділманов, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві"Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің сарапшы жетекшісі Самал Қабдолла қатысты.

Шараның басты мақсаты қоғаммен етене жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттік қызметтегі емес мамандардың тілдік қатынас жасай білуге байланысты «тілдік құзыреттілік», «сөйлей білу құзыреттілігі» және «тілдік қатынас құзыреттілігі» немесе «қатысымдық құзыреттілік» деген бірнеше ұғымдар турасында мағлұмат бере отырып, дұрыс дағды қалыптастыруға немесе дағдыны дұрыс қолдануға үйрету болатын.

IMG-20240430-WA0132

Жиынды ашқан Мұхтар Таңатжанұлы қонақтарға қош келдіңіз айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Одан әрі сөз алған Алтынбек Әбутәліұлы «Тілдік құзіреттіліктің нормалары» тақырыбында баяндама жасады. Одан әрі Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві"Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің сарапшы жетекшісі Самал Қабдолла құжаттама тақырыбы бойынша түсінік берді. Жиын барысында арнайы мамандар ға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Жиын соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале