1.05.2024, 13:17
Оқылды: 62

Биыл облыста 9 мектеп бой көтереді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында облыста 16200 орындык 18 мектеп салынады. Бұл мәліметпен БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева бөлісті. Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары 9 мектеп салынып, 8100 оқушы жаңа білім ошағына көшеді. 2024-2025 жылдары тағы 8100 оқушы қабылдайтын 9 мектеп бой көтереді екен.

Құрылыс үй ЖП

- КПО б.в. әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалары аясында құрылысы былтыр басталып, биыл аяқталатын 2 шағын жинақты мектеп 168 оқушыны қабылдайды. Оның алғашқысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында, екіншісі Казталов ауданы Саралжын ауылында. Қазіргі таңда аталған мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, КПО б.в. әлеуметтік инфрақұрылымдык жобалары аясында 2024 жылы 7 ауданда 8 шағын жинақты мектеп бой көтереді. Ол білім ошақтарында 624 оқушы білім алатын болады, - деді Айгүл Мыңбаева.
Жоғарыда аталған мектептер Сырым ауданы Кұспанкөл ауылында, Казталов ауданы Қоныс ауылында, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл, Жәнібек ауылдарында, Таскала ауданының Айнабұлақ ауылында, Бәйтерек ауданы Озерное ауылында, Қаратөбе ауданының Сәуле ауылында және Ақжайық ауданы Кеңсуат ауылында салынады деп жоспарланған.
Одан бөлек білім басқармасының басшысы білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы Орал қаласында 400 орындық Nº31 мектептің құрылысы жүріп жатқанын да атап өтті.
- Орал қаласында 400 орындық Дарынды балаларға арналған мамандандырылған Nº8 облыстық мектеп-лицейінің құрылысы жоспарланды. 2024 жылы барлығы 17792 орынға арналған 30 мектептің құрылысы басталмақ, - деді Айгүл Мыңбаева.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале