1.05.2024, 16:00
Оқылды: 95

«Тіліміз басқа – тілегіміз бір, жүзіміз басқа – жүрегіміз бір!»

Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараға аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев, аудан тұрғындары, зейнеткер қариялар мен әр ұлттың өкілдері қатысты.

image-30-04-24-08-50-4

«...Тіліміз басқа – тілегіміз бір, жүзіміз басқа – жүрегіміз бір» деп басталған шарада қатысушыларға мерекелік дастархан жайылып, тілектер айтылды, түрлі ұлт әндері шырқалып, би де биленді.

image-30-04-24-08-50-5

- « Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы осы бұлжымас бірлігіміз, таймас татулығымыздың арқасы. Тағдыр тоғыстырған сан ұлттың Ассамблея шаңырағының астында жиналып, ортақ келісім, ортақ мұратқа бірігуі біздің жетістігіміз! Өзге елдердің көпшілігінде шешілмес түйінге айналған көпұлттылық біздің елімізде ашық та адал саясаттың арқасында іргесі берік достыққа айналған. Баршаңызды осы ұлы достықтың, татулықтың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын» - деген аудан басшысы қатысушыларға денсаулық пен отбасы бақытын тіледі.

image-30-04-24-08-50-7

image-30-04-24-08-50-6

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале