2.05.2024, 16:49
Оқылды: 65

Дуалды оқыту жүйесі – заман талабы

Бүгінгі таңдағы оқу орындарындағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын мамандар дайындау.

Без имени.jpgо

Елімізде «Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығы қабылданды.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге түсе алатын мамандығы бар кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған келешек мамандық иесін дайындау болып табылады. Яғни, техникалық және кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық - технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

WhatsApp Image 2024-05-02 at 17.47.49

Осы орайда Шыңғырлау колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Аспазшы» мамандығының ІІ курсының 15 студентіне дуалды оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен «Кәсіпорын - оқу орны - студент» бойынша үш жақты келісім жасалды.

WhatsApp Image 2024-05-02 at 17.48.09

Атап айтсақ, студенттер «Измайлова» ЖК («Азия» мейрамханасы), «Намиева С.Ю» ЖК («Мадина» мейрамханасы), «Жаркеева Ж.К.» ЖК («Алтын таға» мейрамханасы) қызмет көрсету орындарында дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмыс жасап, тәжірибе жинақтауда.

Дуалды оқыту жүйесі - заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң, жұмысқа орналасуына кепілдік беретін жүйелердің бірі.

Берік Рақымберлиев, 

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале