7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 32 жыл толуына орай Бәйтерек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Азат елдің айбынды әскері» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мінберге Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран әуеледі.
Концерттік бағдарламаның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов жиылған көпшілікті атаулы күнмен құттықтап, еліміздің әскери әлеуеті мен айбыны арта түссін деген тілегін жеткізді.
- Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Баршаңызды осынау ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Біз осындай жандардың ерлігіне қашанда сый-құрмет көрсете білуіміз шарт. Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілеймін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай!, - деді Марат Лұқпанұлы.
Іс-шара барысында міндетін мінсіз атқара білген азаматтық қорғаныс, құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері алғысхатпен марапатталды. Атап айтсақ, су тасқынының алдын алуда қайсарлығымен көзге түскен аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция сержанты Шерхан Қайырғали, аудандық полиция бөлімі лейтенанты криминалдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі жедел уәкілі, полиция лейтенанты Айбек Нәсіпқалиев БҚО Полиция департаментінің бастығы, полковник Арман Оразалиевтың алғыс хатымен марапатталады.
Осындай мәтіндегі аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғысхатымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Медет Қазиев, Бекбол Бергенов, аға прокурор Айдар Алимжанов, тәртіп сақшылары Медғат Әубекеров, Талғат Рамазан, Рахымжан Мурзагалиев, Жаслан Жукасаев, Семжан Байсариев, Дастан Тулеуов, Рустам Аубекеров, Руслан Джаналиев, Миржан Уразгулов, Султан Жумагалиев, шекарашылар Нұрлыбек Иманғали, Нариман Кусаинов, Айдар Якупов, Иван Бондаренко, Нұрбек Сұлтанияр, Әділет Өмірхан, Антон Ермоленко, Жайсан Рамазанов, Султанбек Базанов, Қыдырали Каирбеков, Рауан Калиуллин, Баубек Махмудов, Кайрат Бисенгалиев, Еламан Исаев, Әділ Қалимолла, Дарын Тулегенов, Жан-Арман Төлегенов, өрт сөндірушілер Дәурен Абдрахманов, Қонысбай Тәжібаев, Василий Шилов, Талант Керей әулеті, Нариман Байсариев, Дархан Джусупов, Василий Местной, Алексей Салкин, аудандық №2 аурухана қызметкерлері Жаннур Хайруллина, Асылжан Өтепберген, Кайрат Уралбаев, Жаскайрат Сарбалинов, қорғаныс істер бөлімінің әскерилері Талап Черниязов, Мурза Бекжанов, Армат Татыгулов, Юрий Кулик, Мұқанғазы Чукаев, Мейірлан Джумалиевке табысталды.
Сондай-ақ салтанатта сөз аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Төребек Маратов пен тәжік-ауған соғысының ардагері Мейірлан Джумашев аудан тұрғындарын мейраммен құттықтап, бейбіт өмір, татулық пен береке-бірлік тіледі.
Шара соңы өнерпаздар мен талантты өрендер орындаған патриоттық әндерге ұласты.
Гүлжаз Баделова,
Бәйтерек ауданы