Екінші дүниежүзілік соғыстың оты өшкеніне – 79 жыл. Фашизмді жеңіп, әлемге бейбіт күн сыйлаған ардагерлер мен «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деп еңбектенген тыл еңбеккерлері үлкен құрметке лайық. Жеңіс күні ел болып, толарсақтан саз кешкен ардагерлерді ардақтап, соғыстан оралмаған боздақтарды еске аламыз.
Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы «Жеңіс» алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Тағзым етуге өңір басшысымен бірге еңбек ардагерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, еңбек ардагерлері, антикор, прокуратура, әскери комисариат қызметкерлері барды. Сонымен қатар 5517 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлері, мемлекеттік қызмет өкілдері, қоғамдық бірлестік өкілдері де сұрапыл соғыс жылдарында кеудесін отқа тосып, бейбітшілік үшін күрескен ата-бабамызға тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.
Облыстық полиция және төтенше жағдай департаменттерінің сарбаздары да боздақтарға құрмет көрсетті.
Жеңіс алаңына жиылған қала тұрғындары да бір-бірін айтулы мерекемен құттықтап, ашық аспан, бейбіт заман тілесті.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz