9.05.2024, 16:30
Оқылды: 97

БҚО әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына - 79 жыл.

9 мамыр - Жеңіс күні облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы «Жеңіс» алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20240509-WA0093

Іс-шараға еңбек ардагерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

IMG-20240509-WA0087

Жиналғандар сұрапыл соғыс жылдарында кеудесін отқа тосып, бейбітшілік үшін күрескен  батырларға тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

IMG-20240509-WA0095

Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне барды.

IMG-20240509-WA0096

Атап айтқанда,  Нариман Төреғалиев соғыс ардагерлері – Иван Гапичті, Вениамин Скаленконы және тыл ардагері – Жайсаң Ақбайды Жеңіс күнімен құттықтады.

IMG-20240509-WA0081

Облыс әкімі соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан құттықтау хаттарын табыс етті.

1

«Ардагерлеріміздің ұлы ерлігін әрбір қазақстандық құрметтеп, есте сақтауы керек. Сіздердің арқаларыңызда қазіргі ұрпақ бейбіт күнде өмір сүріп жатыр. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің ортақ парызымыз. Оларға қолдау білдіру әрқашан мемлекеттің басты назарында болады» - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында ҰОС-ның 14 ардагерлері бар.  Биыл 9 мамыр қарсаңында олардың әрқайсысына 1,5 млн.теңгеден әлеуметтік көмек берілді. #Жеңімпаздартарихы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале