Бүгін Тасқала ауданында "Азалы ана" монументінің алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған "Ерлік ұрпаққа мұра" атты Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін ұлықтау шарасы өтті.
Адамзат тарихында ең сұмдық соғыстың өткеніне міне 79 жыл толды. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Аталмыш шараға Тасқала ауданы әкімі Талғат Шакиров, ҰОС және тыл ардагерлерінің ұрпақтары және Бәйтерек-Тасқала біріккен әскери бөлімінің басшысы ,3 санаттағы сержант Стас Мусакулов, тыл ардагері, өлкетанушы, ауданның құрметті азаматы Ғалым Хисаметдинов, бөлім басшыларымен мекеме қызметкерлері қатысты. Құттықтау сөз алдымен аудан әкіміне берілді.
Сіздерді Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Ұлы Жеңіс тарихымыздың мәңгі парағы болып қала бермек.Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырымыздың берік,еңсеміздің берік ел ордамыздың гүлденуіде осы мерекенің жемісі.Жеңіс күні мерекесі батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күн.Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай мерт болды. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы бүгін аңызға айналды. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды.Майданда қаза тапқан әрбір қандасымыздың ерлігі мәңгі жадымызда. Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын,-аудан әкімі Талғат Асқарұлы.
Ғалым Ғайнұлы да тарихқа көз жүгіртіп, барша аудандастарды мерекемен құттықтады. Аталмыш шара барысында мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары,жеңіс күніне орай әдемі-әуезді әндерін шырқады. Шара соныңда "Азалы ана" монументіне гүл шоқтары қойылды.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы