9.05.2024, 20:30
Оқылды: 88

Казталовта ҰОС кезінде ерлікпен қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етті

9 мамыр – аға ұрпақтың ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтайтын ең қастерлі мереке. Бұл мереке – қаһарман қайсарлықтың қас үлгісін көрсеткен қайтпас рух, жалынды жігердің жемісі.

InShot_20240509_225047876

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы «Белгісіз солдат» пен «Жеңіс» саябағындағы» ескерткіштерге, Ұлы Отан соғысында кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

InShot_20240509_224638861

Аталар ерлігін еске алу шарасына Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімі, ауыл ақсақалдары қатысып, ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етті.

Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлер мен батырларды ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ұлы ерлігін үшін бас иіп, тағзым етеміз. Шарада қаза тапқан боздақтарды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Гүл шоқтарын қойылып болған соң, аспанға бірнеше мәрте оқ атылды. Казталов мұсылмандар мешітінің бас имамы Жандосбек Құйсайынов ата-бабалар рухына арнап, құран бағыштады.

InShot_20240509_224544992

Шараға қатысушылар ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналған жауынгер ботқасынан дәм татты. Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған іс-шара «Достық» саябағында Казталов аудандық тарихи өлкетану музейі мен Батыс Қазақстан облыстық музейінің Көктерек ауылдық музейі филиалы ұйымдастырған ашық аспан астында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тақырыпты көрмемен жалғасты.

Ұлы Отан соғысына Казталов ауданынан 7591-ден астам адам майданға аттанып, олардың 4034-і елге оралды. 124 тыл ардагерінің ардақты ісін бүгінгі ұрпақ жалғастырып келеді. «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғына қатысқан жауынгер аталарымыздың еңбегі қашанда жадымызда мәңгі сақталады. Бейбітшілік заманда аталарымыздың есімдерімен аталған аудан орталығында бірнеше көше атаулары бар. Атап айтсақ, Мәжит Жүнісов, Сатқан Даниялов, Пангерей Сефуллин, Қайырғазы Имашев, Ғазез Лұқпанов, Сағит Садықов, Ыбырай Сауанов.

Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын мереке!

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале