11.05.2024, 16:00
Оқылды: 148

Батысқазақстандық шекарашы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Рафхат Тайкенжин – Батыс Қазақстан облыстық шекарашылары арасында тұңғыш рет «Ерлігі үшін» медалін алып отырған адам. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында батыстан бірде бір шекарашы «Ерлігі үшін» төсбелгісін алмаған.

InShot_20240511_155346018

Ол шекара сапында 2012 жылдан бері қызмет атқарады.  Ол былтыр Жәнібек ауданында жоғалып кеткен 3 жасар Айару есімді бүлдіршінді таңғы 4:00-де даладан тауып алып, ата-анасына аман-есен табыстаған болатын. Осы ерлігі үшін шекарашы Рафхат Тайкенжин «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталып отыр.

Айта кетейік оқиға 2023 жылдың 23 тамызында Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында болған. Әйел адам өзімен еріп келе жатқан 3 жасар қызынан көз жазып қалып, оны жоғалтып алады.

Қыз баланы іздеуге шамамен 200-дей адам жұмылдырылған.

Солардың қатарында шекарашы Рафхат Тайкенжин де болатын. Ол өзінің қызметтік иті «Ройтер» екеуі қыз баланы түнімен іздеп, табады.

- Қыз баланы табуға «Ройтер» есімді итім көмектесті. Ол мені ізбен жетелеп отырды, - дейді шекарашы Рафхат Тайкенжин.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале