13.05.2024, 17:00
Оқылды: 51

Қазақстанда халықаралық әуе рейстердің саны артып келеді

Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске дейін жетті. Бұл туралы көлік министрлігі жазды.

ef0b03f32466c7efacbfd49281e82cf6_1280x720
Фото: gov.kz

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыстарды жалғастыруда.

Осылайша Uzbekistan Airways әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады.

Қолға алынған бұл шаралар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Жалпы Қазақстаннан 28 елге 121 бағыт бойынша ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале