13.05.2024, 15:15
Оқылды: 76

Баспана маркет платформасы сағатына орта есеппен 400 өтінім қабылдайды

«Отбасы банк» АҚ Басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матайдың айтуынша, қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Үміткерлердің маусым айының соңына дейін 1,5 ай уақыты бар.

65a5dfd9-4f33-4cf1-b5a1-7807428adb3b

Фото: t.me/ortcom_kz

Сондай-ақ өтінім беру күні мен уақыты ұпай санағанда ескерілмейді. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін саралау басталады.
«2 436 өтінім қабылданбай, кері қайтарылды. Негізгі себеп – клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге мөлшеріндегі қажетті сома жоқ болып шыққан. Бұл «Наурыз» бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ, тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданбады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Тағы 5 008 өтінім бойынша мемлекеттік дерекқорлармен сәйкестендіру жүргізілуде және жүйе өтінімдерге ЭЦҚ көмегімен үміткерлердің қол қоюын күтуде.

t.me/ortcom_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале