13.05.2024, 16:15
Оқылды: 128

Үздік «Жәңгір хан мен Фатима ханша» образы анықталады

Халықаралық «Aqjayq fashion festival-дің» ІІІ маусымы аясында республикалық дизайнерлер байқауы өтеді.

Байқауда «Жәңгір хан мен Фатима ханшаның» ең үздік образы анықталады.

Бұл туралы БҚО дизайнерлері мен модельерлер қауымдастығының парақшасында хабарланды.

InShot_20240513_141333748

Байқаудың мақсаты Жәңгір хан мен Фатима ханша тарихын дәріптеу арқылы өңіріміздің киім өндірісі, сән индустрия саласы мен туризм бағытын дамыту.

Қатысушыларға БҚО тарихи-өлкетану музейінде арнайы тақырып бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылады.

Ісмер Айжан Абдубаитованың авторлық туындысында тамашалай аласыз.
Әр қатысушы «Жәңгір хан мен Фатима ханша» образының бір дана киім үлгісін ұсына алады.

Дизайнер тарихпен танысып, жеке туынды ұсынуы қажет.

Қатысушылар «Жәңгір хан мен Фатима ханша» киім үлгілерінің суреттерін тапсыру арқылы іріктеуден өтеді.

Жеңімпаз БҚО тарихи-өлкетану музейіне туындысын қалдырып, жеке дизайнерлік авторлық құқыққа ие болады.

Байқау қорытындысын қазылар алқасы анықтап, гран-при мен І, ІІ, ІІІ орын беріледі.
Жүлде қоры - 700 мың теңге.

Республикалық дизайнерлер байқауы БҚО әкімдігі, БҚО қоғамдық даму басқармасы, БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, БҚО тарихи-өлкетану музейі, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының туризм бөлімінің қолдауымен өтеді.

Ұйымдастырушы БҚО дизайнерлері мен модельерлер қауымдастығының төрағасы - Әсем Сырымова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале