14.05.2024, 9:00
Оқылды: 41

​​Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік ең үлкен ғылыми-инженерлік REGENERON ISEF 2024 конкурсына аттанды

Үш қазақстандық жас инженер Лос-Анджелесте әлемнің 70-тен астам елінен келетін 2 000 оқушы арасында жүлде қоры 9 млн. $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауында бақ сынайды.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз жазды.

IMG_20240514_085956_369

Фото: t.me/oqu_agartu/

Қазақстан құрама командасының мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде іріктелді, олар:

Әлихан Жарболов – Алматы қаласындағы РФММ 11-сынып оқушысы, өзінің математикалық жобасымен;

Әбілмансұр Рахметтуллаев – «Haileybury Astana» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы, информатика пәнінен;

Саяжан Жақсығалиева – Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, химия пәнінен ғылыми жобамен қатысады.

Конкурстың салтанатты ашылу рәсімі 13 мамырда Тынық мұхиты уақыт белдеуі бойынша сағат 19.00-де өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале