14.05.2024, 15:30
Оқылды: 45

Қазақстан 2-турда Малайзиядан басым түсті

Таиландтың Чонбури қаласында индорхоккейден әйелдер арасында Азия Кубогі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

88279594ef2bae3f7e246af3e391efda

Фото: kazsports.kz

Бүгін біздің команда топтағы 2-турда Малайзиямен шеберлік байқасып, 5-1 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрама қақпашысы Гүзал Бахаваддин матчтың үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, сары құрлық кубогы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысы саналады.

Чонбуридегі бәсеке 16 мамырға дейін жалғасады. Биыл әйелдер арасында 10 елден 120-дан астам ойыншы жиналды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале