14.05.2024, 17:30
Оқылды: 57

Пойыз жолсеріктері жазғы тасымалға дайындалып жатыр

160-тан астам жолсерік жолаушылар вагондарын тазалауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша оқудан өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

whatsapp-image-2024-05-14-at-144352-664332ea019ee

Фото: rail-news.kz

Семинарлар Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Орал қалаларында өткізілді. Бұл іс-шара «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Семинарларда жолаушылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ, санитарлық ережелерді сақтау және аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда әрекет ету бойынша ұсыныстар берілді.

Пойыздардың жолсеріктері әрбір рейс алдында міндетті медициналық тексеруден өтеді. Жолсеріктер жолаушылар пойызының вагондарындағы тазалықты сақтауға қойылатын талаптарды және жол жүру кезінде вагонды тазалау нормаларын қатаң ұстанады. Барлық пойыздарда алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті заттар бар. Жолаушылардың денсаулығын сақтау мақсатында пойыздар жөнелту алдында дезинфекциялық тазартудан өтеді.

Одан бөлек қызметкерлерге стандартты емес жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы  оқытулар жүргізіледі. Бұндай оқытулар жолсеріктердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері үшін жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар тақырыбында барлығы 35 семинар өткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале