14.05.2024, 23:38
Оқылды: 52

Жаңақалалық өрендер жүлдесіз қайтпады

Бүгін өнерге жақын өрендерге үміт пен сенім сыйлаған "Балдәурен" балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Аудандық кезеңде топ жарып, облысқа жолдама алған жас дарындар жаңақалалықтардың үкілі үміттерін арқалап, өнерлерін көпшілікке ұсынған болатын.

image-14-05-24-10-29-3

Бұл жолы да сол әдеттерінен жаңылмай топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. Нақтылай кетсек, “Вокалды-аспаптар ансамблі” жанры бойынша жуырда құрылған “Жаңақала” вокалды-аспаптар ансамблі ( жетекшілері Нұрлан Хамзин, Мерей Жұмашев) І орынға, “Поэзия” бағамы бойынша Ақбаян Ғилымхан (жетекшісі Бекзат Бақтығұлова) ІІ орынға, “Халықтық музыка/домбыра” аталымы бойынша Дінмұхаммед Сисен (жетекшісі Темірлан Сыралиев) ІІ орынға, “Хореография” бағамы бойынша халықтық “Сымбат” би ансамблі (жетекшісі Венера Қаменова) ІІІ орынға ие боп, “Сән салоны” аталымы бойынша Айжан Мағауия (жетекшісі Асылай Уразалиева) дипломант атанды.

image-14-05-24-10-29-4

Бар жанарды жаулаған балалар байқауында аудан мерейін биіктетіп, облыстық мінберде марапатқа ие болған жерлестерімізге жарайсыңдар демекпіз.

image-14-05-24-10-29-2

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале