15.05.2024, 11:00
Оқылды: 74

«ҚазАвтоЖолдың» тексерісі: техникалық қадағалау компанияларына 62 миллион теңге айыппұл салынып, 18 сарапшы жұмыстан босатылған

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қайта жаңару және жөндеу учаскелерінің нысандарында 2572 қателікті анықтады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі жазды.

Бисен- Сайқын жолы-2

Фото: zhaikpress.kz

Қазіргі уақытта оның 366-сы жойылмаған, бұл - 14%. Бұл көрсеткіш өткен жылмен (2022 жылы 5332) салыстырғанда айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

Қателікті түзеу динамикасы 2,1 есе жақсарып, ол сапаны қадағалау бойынша жұмыстың тиімділігінің артып жатқанын білдіреді.

Жұмыстың негізгі бағыты – жол құрылыс материалдарындағы анықталған ақаулар мен сәйкессіздіктерді жою. Талдау нәтижелері көрсеткендей Абай, ШҚО, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстарында ақауды жою бойынша жұмыс дұрыс атқарылмаған.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандары 9834 жол құрылыс материалдарының сынамаларын (керн, қиыршық тас, битум, асфальтобетон қоспасы және басқалары) алып, зерттеу жүргізді. Ол жұмыстың нәтижесінде негізгі мәселелер анықталып, қалыпқа келтірілді. Оң нәтижелерге қарамастан, нормативтік құжаттамаға сәйкес келмейтін сынамалардың 8,5 %-ы қалды. Бұл қосымша өзгертулер мен бақылауды қажет етеді.

2023 жылғы тексеру барысында келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді орындамаған, өлшеу құрылғылармен жабдықталмаған және айыппұлдарды өндіретін мамандарды ауыстырғаны үшін техникалық қадағалау компанияларына 62 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, нысандарда дұрыс бақылау жүргізбеген 18 сарапшы жұмыстан босатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале