Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жұмысын жалғастырып жатыр. 2024 жылдың 3 мамырында Деркөл кентінің УСК мүшелері үшін рөлдік ойын арқылы оқыту семинары өткізілді.
Бүгін, 16 мамырда № 48, 49, 12 ЖОББМ базасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «ҚР сайлау туралы» заңды білуге тестілеуден өтті. Комиссияның 57 адамнан тұратын барлық мүшелері қамтылды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлау заңнамасын жақсы білетіндіктерін және жалпы сайлауды өткізуге дайын екендіктерін көрсетті. Қатысушылардың орташа балл нәтижесі 30-дан 27,8 құрады.
Дауыс беру күні қарсаңында алған білімдерін бекіту, дауыс беру және дауыстарды санау барысында қателіктер жібермеу мақсатында учаскелік комиссия мүшелері үшін тағы бір практикалық семинар өткізу жоспарланған. Семинар «Дауыс беру күні» рөлдік ойын түрінде өтеді.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы