16.05.2024, 23:54
Оқылды: 24

Шыңғырлауда кәсіби мамандардың қатысуымен ашық диалог алаңы өтті

Шыңғырлау ауданында отбасы құндылықтарын және өнегелі отбасыларды насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кәсіби мамандардың қатысуымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2024-05-15 at 19.50.01

"Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы" тақырыбында Шыңғырлау колледжінде студенттер мен мектептердің жоғары сынып оқушыларымен өткізілген кездесу барысында жастар мен жасөспірімдердің құқықтары, жасөспірімдермен жасалатын құқықбұзушылықтар, қыз балалардың тәрбиесі мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2024-05-15 at 19.49.56

Жиынға кәсіби мамандар қатысып, құқықбұзушылық пен жауапкершілік, буллинг, суицид пен жастардың құқықтық сауаттылығы жайында тақырып қаузап, әңгіме өрбітті. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты ҚР Заңы балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың ҚР-ның Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтіндігі айтылды.

WhatsApp Image 2024-05-15 at 19.49.55

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале