16.05.2024, 18:40
Оқылды: 26

Бөрлі ауданыныда «Ұстаз барысы» анықталды

Бөрлі ауданында 5 жыл қатарынан жалауын желбіреткен «Ұстаз барысы» турнирі өтті. Боз кілемге шыққан 24 балуан өз арасында «Өгіз балуан» және «Түйе балуан» атағы үшін күресті. Көрермендер қиқулап, өз мықтысы үшін қошемет білдірсе, балуандарда жанкүйерлерінің көңілінен шығу үшін барын салды. Сондықтан шығар, жарыс тартысқа толы өтті. Ұстаздар осылайша  өздерінің жан-жақты екендіктер көрсетті.

WhatsApp Image 2024-05-15 at 17.44.01

Сөйтіп, “Өгіз балуан” атағы үшін күресте үшінші орын Ақсай қалалық №1 ЖББОМ педагогы Ақылбек Габдулмажитке бұйырса, екінші орынды Успен МББК педагогы Рамазан Қонысов ұтып алды. Ал, Ақсай қалалық №7 ЖББОМ мұғалімі Алмаз Махмутов жеңіс тұғырынан көрініп,турнирдің  “Өгіз балуаны” атанды.

WhatsApp Image 2024-05-15 at 18.20.18

Ауыр салмақта белдескен балуандар арасыннан алғашқы күресінен-ақ көпшіліктің көзіне түскен Ақсай қалалық №5 ЖББОМ педагогы Рустем Жәнібеков үшінші орынды алса, екінші орын кеңтүбектің мақтанышы Арман Кабуловқа бұйырды. Ал, жеңісті, және “Өгіз балуан” белбеуін аудандық жас туристтер станциясының әдіскері Наурызбек Сабырғалиев алды.

WhatsApp Image 2024-05-16 at 17.15.17

- Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгінгі жарысқа қатысушылар әдеттегідей кәсіби боз кілем шеберлері емес, мектепте балаларға сабақ беріп жүріп, спортты серік еткен жандар. Дегенмен турнир жоғары дәрежеде өтті. Турнирді өткізудегі мақсат, ұстаздарды спортшы қылу емес, осы қазақ күресін насихаттау. Бұл ұстаздар осындай жарыстарға қатысу үшін дайындық жасайды, турнирде жеңіске жетеді, сөйтіп оқушыларға үлгі көрсетеді. Осылайша ұстаздан тәлім алатын шәкірттердіңде ұлттық спортқа деген қызығушылығы артарына сенеміз. Жалпы, қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу ниетіміз де жоқ емес. Қазір тек осы турнирмен шектеліп қалмай, мектеп лигаларында ұйымдастырмақ ойымыз бар. Ол үшін аудан әкімдігіген, білім және спорт бөлімдерінен қолдау зор, - дейді жарысты ұйымдастыруышылардың бірі Серік Қалимолла.

WhatsApp Image 2024-05-16 at 17.15.17 (1)

Айта кетейік, турнирге қатысқан ең жасы үлкен балуан, Қарақұдық мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің мұғалімі Бейбіт Жұмабаев болды. Оның жасы 47 жаста.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале