20.05.2024, 16:30
Оқылды: 154

Нариман Құрбанов: «Әлемде әлі ешкім мұндай ұпай алған жоқ»

Ташкентте (Өзбекстан) өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды. Ол гимнастикалық ат снарядында жиған ұпайы бойынша рекорд орнатты. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы турнирді қорытындылап өтті. 

1716189225

Фото: olympic.kz

«Ташкенттегі жарыс жоспар бойынша өтті. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет мен жарысты қандай бір жарақатсыз бастадым. Бұл қуантпай қоймайды, әрине.

Іріктеу кезеңінде мен жаңа рекорд орнатып, 15.666 ұпай алдым. Әлемде мұндай ұпайды әлі ешкім алған жоқ. Финалда да жақсы ұпай жинадым – 15.600. Қарсыластарымнан оқ бойы озып кеттім. Азия чемпионаты алдында қойған мақсат толығымен орындалды. Команадаға мейілінше көп ұпай, өзіме алтын медаль алдым. Бұл Азия чемпионаты Олимпиадаға іріктеу саналғандықтан, гимнастикалық ат снарядында құрлықтың кіл мықтылары баұ сынады.

Бәсекелестік өте жоғары болды. Алайда, менің үш басты қарсыласым іріктеуде қате жіберіп, финалға өте  алмады. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегері Ли Чи Кай бар.  Финалда мен бар күшімді салдым, өйткені, Азия өкілдері Олимпиада жүлделерінің басым бөлігін алатындықтан, бар әлем бізді бақылап отырды.

Енді Болгарияда тағы бір турнир өтеді. Бұл жарыс Олимпиадаға дайындық кезеңінің бір бөлігі ретінде болмақ», - деді Нариман Құрбанов.

Еске  салайық, құрлық додасында Милад Карими де көзге түсті. Ол  көпсайыс пен еркін жаттығудан күміс алса, кермедегі жаттығудан Азия чемпионы атанды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале