21.05.2024, 13:00
Оқылды: 54

Қазақстан курорттарында қанша адам демалғаны бегілі болды

Статистикалық деректерге сәйкес, 2023 жылы еліміздегі 19 курортты аймақта 3,8 миллион адамнан аса турист демалған.

InShot_20240521_085006240

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 311 мың адамға өскен.

Нәтижесінде курортты аймақтардағы қонақ үйлер былтыр 130 миллиард теңгеден астам табыс тапты.

Туристер арасында Алматы тау кластері – ең танымал орындардың бірі. Былтыр бұл курортты аймаққа 2,3 миллионнан астам адам келген. Кейінгі орындарға Маңғыстау курортты аймағы (356,2 мыңнан астам адам), Щучье-Бурабай курортты аймағы (305,4 мың адам) және Абай облысының Алакөл көлі жағалауы (205,8 мың адам) жайғасқан.

- Жыл сайын отандық курорттарда демалатын туристер саны артып келеді. Бұл еліміздегі аталған аймақтардың тартымдылығын және Қазақстанның туристік әлеуетіне қызығушылықтың артқанын аңғартады. Біздің мақсатымыз – әрбір қонақ еліміздің ыстық ықыласы мен қонақжайлылығын сезінуі үшін туристерді қабылдау шарттарын одан әрі жетілдіру, - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале