21.05.2024, 11:00
Оқылды: 132

Биыл БҚО-да төрт жылға созылған автокөлік жолының құрылысы аяқталады

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ БҚО филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

казавтожол жп (1)

 

Биыл негізгі жобалардан бөлек, Хан Ордасына кіре беріс жолдың 21 шақырымын орташа жөндеу басталады. Мердігер - “Ақжол құрылыс” ЖШС. Осы жобаны салуға 1 миллиард 953 миллион теңге қарастырылған.

казавтожол жп (4)

Биыл облыста 245 шақырым жол күрделі жөнделеді.

Оның ішінде:
- 142 шақырым - «Казталовка-Жәнібек – РФ шекарасы» автожолы 0-1, 4-138, 158-165 шақырым.
- 103 шақырым - «Өнеге - Бейсен - Сайқын» автожолы 0-103 шақықырм.

казавтожол жп (5)
2024 жылы асфальтбетон жабынының 22,6 шақырым төменгі қабатын және 168,3 шақырым жоғарғы қабатын салу жоспарланған.

Биыл 170 мың тоннадан астам қиыршық тас және 4,5 мың тонна битум өнімдері дайындалды. Қиыршық тас Ақтөбе облысы мен Ресейден теміржол арқылы жеткізіледі. Құрылыс Казталовка-Жәнібек және Өнеге-Бейсен-Сайқын тас жолындағы 6 учаскеде жүргізіледі.

казавтожол жп (6)

Жұмысты 5 құрылыс компаниясы жүргізеді.

казавтожол жп (7)

Жол жөндеумен қатар, демалыс алаңдарын, санитарлық-гигиеналық тораптарды, автобус аялдамаларын орнату және жол белгілерін орнатылады. Жыл соңына дейін барлық жұмысты аяқтап, жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

zhaikpress.kz

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ БҚО филиалының баспасөз қызметі 

казавтожол жп (8)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале