Балалар келгенге дейін қала сыртындағы лагерьлер барлық талапқа сәйкестігін растайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша консультациялық көмек көрсету үшін әр лагерьге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілген.
Фото: t.me/KZgovernment/
- Демалыс базаларын бақылау шеңберінде жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, аумақты тазалау мен абаттандыру, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігі және басқа да түйінді параметрлер қаралады. Жазғы сауықтыру ұйымдары басшылығының қатысуымен 100-ден астам оқыту семинары өткізілді. Санэпидбақылау комитетінде жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болатын жедел желі ұйымдастырылған, - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.