21.05.2024, 16:30
Оқылды: 64

Теректілік мәдениет қызметкерлері жүлдемен оралды

Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осы орайда Оралда түрлі шаралар легі басталды. Соның бірі – бүгін БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың қатысуымен өткен мерекелік шара болды.

436366022_1723127741849904_4244150165822907798_n

Басқосу барысында БҚО мәдениет қызметкерлері арасында өткен спартакиядасында командалық жарыстан жақсы ойын көрсеткені үшін Теректі ауданы үшінші орынды қанжығаға байлады. Марапаттау рәсімінде Теректі  аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллинге алғысхат табысталды.

Жалпы Теректі өңірі мәдениетпен мерейленіп, өнермен өрістеген өлке. Теректінің қасиетті топырағы талай мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздарының алтын бесігіне айналды. Мәртебелі мамандық иелерінің еселі еңбектерінің нәтижесінде аудан мәдениеті жылдан-жылға дамып, өркендеу үстінде. Оған жыл сайын алыс шетелдерде ел атынан түрлі фестиваль, республикалық байқауларға қатысып, рухани құндылықтарымызды танытуы дәлел. Ұлт игілігі жолында тер төгіп келе жатқан өнер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің қыруар еңбегі жатыр.

 

 

Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале