22.05.2024, 9:15
Оқылды: 58

Жетікөлдегі жүздесу қалай өтті?

Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Аяпқали Кангужин халықпен кездесті. Жиынға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты.

PHOTO-2024-05-17-15-00-11

Жетікөл – мал шаруашылығына маманданған округ.

Малдың басын көбейту, тұқымын түрлендіру, түліктің жазғы жайылымы мен қысқы азықтық мәселелерін шешу – міне, ауылдағы мәселелер осы төңіректе.
Мал үшін негізгі мәселенің бірі – су.

Көктемде іркілген қарғын су ауылға жайылмас үшін халық іргедегі бөгетті бұзған. Топан қайтты, бөгетті қайтадан бітемесе, айдында су қалмай барады. Жетікөлдіктер бүгін шаруаға өз беттерімен кірісті. Жергілікті биліктен халықтық іске жәрдем керек.

Ауылдағы мал моланы да типтік етіп қайта салу керек.

Бұдан бөлек, ауылдағы бұзылған үйлердің орнына жаңа үйлер салу, көшелерді жарықтандыру секілді мәселелер көтерілді.
Жиналыстан кейін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қосаралда тұратын атбегі Темірхан Рамазанов әкімнің қабылдауында болып, ауылдан ат спорты үйірмесін ашу туралы ұсыныс айтты.

Б. Шерім,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале