22.05.2024, 10:00
Оқылды: 67

Шыңғырлау ауданының тұрғыны 100 жасқа толды  

Шыңғырлау ауданында 100 жасаған қария, екі ғасырдың куәсі, ел ішінде «Қалаш ана» атанып кеткен Қалима Жұмабаеваның мерейлі тойы атап өтілді.

100 жас калима

Мерейлі мерекеге аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев қатысып, ғұмыры еңбекпен өткен қарт анаға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан алғысхат табыс етті. Осынау мерейлі тойға арнайы облыс орталығынан келген БҚО ҚХА ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Амангелді Дәулетжанов ақсақалдар кеңесі атынан құттықтау хат жолдап, «Елеулі еңбегі үшін» медалін, ал облыстық ардагерлер қоғамдық кеңесінің төрағасы Ержан Төлегенов «Батыс Қазақстан облысының құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.

WhatsApp Image 2024-01-15 at 17.10.50

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев мерейлі жас иесін құттықтап, өз атынан құттықтау хат ұсынды.

WhatsApp Image 2024-01-15 at 17.10.50 (1)

- Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түстіңіздер, кең байтақ жерімізді қорғадыңыздар. Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Сізді бүгінгі мерекеңізбен құттықтап зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және өмірдің қызықтарын көре беруіңізді тілеймін, - делінген құттықтау хатта.

Бүгінде әз-Ана құрсағынан тараған бес баладан 11 немере, 21 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр. Ғасыр жасаған әже балалаларымен барша аудан мақтанышына айналды.

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале