22.05.2024, 12:30
Оқылды: 62

Қаржы мониторингі Бишімбаевтар әулетінің мүлкін тексере ме?

Бұған дейін БАҚ беттерінде Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығын тексеруге қатысты петиция жарияланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі оның қорытындысы бойынша тексеріс жүргізуге дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 3ff5affbb2df9a9f542db6d5f984ace0_1280x720

Фото: gov.kz

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына берген жауабында айтты.

- Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығы тексеріле ме? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

- Агенттік мүліктің заңдылығын тұрақты түрде тексеріп отырады. Бүгінде бізде қылмыстық іс тіркелген жоқ. Бірақ біз тұрақты негізде заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге жан-жақты тексеру жүргіземіз. Бізде бұл жұмыстар бар, егер бір жерде қылмыстық жолмен табылып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Ал петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік, сонымен бірге бұл мәселені зерттейік, біз бұған міндетті түрде назар аударамыз, міндетті түрде хабарлаймыз, - деді Жеңіс Елемесов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале