22.05.2024, 21:00
Оқылды: 81

Қошанкөлде қосөзендік аналар тоғысты

Әрбір шаңырақта Әйел-Ананың рөлі ерекше. Қазақта «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Бүгінгі таңда қоғамда аналарымыздың қоғамдағы қадір-қасиетін сақтап, шаңырақтағы шамшырағын сөндірмей, тұлға болып қалыптасуына рухани қолдау көрсететін қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Әлбетте әр нәзік жанды, соның ішінде «Ана» деген үш ауыз сөздің иесі алдымен өз ұрпағына мейірім мен махаббатты сыйлап, сіңіріп өсірсе, болашағымыз бұлыңғыр болмасы сөзсіз. Жанұяда бір атпалдай азаматтың жары, мейлі қамқор әпке, тіпті әже болсаңыз да, бұл өмірде «АНА», «ТҰЛҒА» екеніңізді ұмытпауыңыз керек. Осы ретте Үкіметтің қаулысымен елімізде мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні болып белгіленді. Бұл мереке отбасы институтын нығайту мен ана мәртебесін көтеруге бағытталып отыр.

image-22-05-24-08-07

Бүгін қазақы қаймағы бұзылмаған, қасиет тұнған Қошанкөлде Қосөзеннің аналары тоғысты. Мәні мен маңызы зор форумның бұл жерде өтуінің де өзіндік себебі бар. Жоғарыда айтқанымыздай, Қошанкөл тарихқа бай, ұлттық құндылығын қалтқысыз сақтаған, отбасы институтын басты қазынаға айналғандарған құтты өлке. Қасиет қонған құтты мекенде Қосөзеннің, қала берді Ақжайықтың атын танытқан қос бірдей «Мерейлі отбасы» мекен етеді. Бұның өзі де бір топ аналардың бір жерге тоғысып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға негіз болып отыр.

image-22-05-24-08-07-1

Көздің жауын алатын ұлттық киіммен, әдемі кимешектегі асыл аналар мәдениеттің ошағына табан тіреп, жылқы мұражайымен және «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарының көрмесімен таныс болды. Әнмен шашу шашқан әжелер ансамблінің өнерлеріне тәнті болып, ризашылықтарын жеткізді.

Гүлнәз Зейінқызы басшылық ететін киелі білім ордасы да қонақтарды құрметпен қарсы алып, төрлерін ұсынды. Мектеп дәлізіндегі көзге оттай басылған көрмелерден өзгеше бір тиянақтылық байқалтады. Мәселен, көзге ерекше көрінген меценаттар бұрышы. Болашақ ұрпаққа тірі тәрбие құралы.
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Биғалиевтің есімімен аталатын білім ордасында келген қонақтарға мектеп мұражайы, жерлестер көрмесі таныстырылды.

image-22-05-24-08-07-2

Тарих пен тәрбиені ұштастырып, асыл аналарды бір арнаға тоғыстырған бұл шара аудандық ішкі саясат және аудандық білім беру бөлімдерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылған форумның нақты көрінісі екенін атап өткен жөн. Аналар кездесуі ауқымы зор форуммен жалғасын тапты.

Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале