Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: gov.kz
22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.
Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдеме табылды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Ұсталған адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.