23.05.2024, 21:01
Оқылды: 86

Казталовта төлдің басы өсуде

Қақаған қыстан аман-есен шығып, көктемнің шуақты күндеріне жеткен жан мен мал үшін «арқасын» кеңге салған рахаттанғандық сезім ғана бар.

Төрт түлік малды бағу – ауыл шаруашылығының басқа салаларына қарағанда жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлікті қажет ететін, қиындығы мен жауапкершілігі мол қызмет. Осындай жауапкершілік жүгі артылған шаруалар қауымы үшін мал қыстату ең жауапты кезең.

FB_IMG_1716469850937

Мал қыстату – түлікті қыстан қысылмай алып шығу ғана емес, төл мен мол өнім алудың да науқаны.
Міне, былтырғы қоян жылғы қытымыр қыстың сары аяздарын, бесқонақтық ызғарын, құралайдың салқынын артқа тастап, жайма-шуаққа жеткен шаруалар үшін соңғы күндері күн жылынып, тіршіліктеріне біршама қолайлы уақыт туды.

FB_IMG_1716469847637
Казталов ауданы бойынша 57 703 сиыр мен қашар болса, алынған бұзау саны 40 395 Ал 122 924 саулық қойдан 116 800 қозы алынған. Ешкінің де көрсеткіштері жаман емес. Аудандағы 25 483 ешкі саулығынан 24 980 лақ төлдеген. Қазақ үшін қасиеті басым жылқының өсімі жақсы.

FB_IMG_1716469854424

Есепке алынған 15 404 биеден 8 950 құлын туған. Бұл цифрлерден жоғарыда атап көрсетілген мал басының санының өсіп жатқаны байқалады.

FB_IMG_1716469868103
Төлге қатысты мəліметтерді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарынан алдық.
Иə, бұрынғыдай кеңшар, ұшымшарлар арасында төл алудан социалистік жарыстар жоқ. Сахманға келетін студенттер жасақтары да өткен заманмен бірге сап тиылған. Ендігі кезекте əр шаруа өзі үшін күн көруде.

Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале