24.05.2024, 12:15
Оқылды: 75

Белгілі блогерге тіл тигізгені үшін қазақстандық стендап-комик 15 күнге қамалады

Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып,  қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз қызметі жазды.

photo1716523934

Фото: sud.gov.kz

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале