25.05.2024, 11:00
Оқылды: 100

Жәнібек ауданында 5 түлек – «Алтын белгіге» үміткер 

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен кеңейтілген лездеме өтті. Жиынға мекеме-ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. 

441491672_1016040657192275_3493157665178758765_n

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев білім беру мекемелерінде оқу жылын аяқтау және жазғы демалыс лагерінің ұйымдастырылуы, балалардың жазғы демелыс кезіндегі қауіпсіздігі туралы баяндады.

- 2023-2024 оқу жылы 113 оқушы 11-сыныпты аяқтаса, 9-сыныпты 254 оқушы тәмамдап отыр. «Алтын белгі» белгісіне 5 үміткер болса, «Үздік аттестатқа» да үміткерлер бар. Оқу жылының аяқталуына орай, бүгін «Білімім – Отаныма»  жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өтіп жатыр. 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушелерге арналып іс-шара өткізіледі. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20, 30, 40, 50 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар қатысады. Сонымен қатар, аудан мектептерінде 27-31 мамыр аралығында 1-8, 10-сынып оқушыларына жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылады. Сабақ үлгерімінде қиындықтары бар оқушылардың олқылықтарын жою жұмыстары ұйымдастырылады. 5-8, 10 сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінен сыныптан сыныпқа көшу емтихандары 27, 30 мамыр күндері ұйымдастырылады. 9 сыныптар үшін 29 мамырдан 10 маусымға дейін, 11 сыныптар үшін 28 мамырдан 1 маусымға дейін мемлекеттік емтихандар өтеді. 2024 жылғы аудан оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 15 мектеп жанында бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған мектеп жанындағы лагерьлер, онда 1110 оқушы демалады (1-6 сынып аралығында). 12 мектеп жанында тамақтанусыз оқушылардың қызығушылықтарына карай бағдарлы лагерьлерде 630 оқушы (5-9 сыныптар аралығында), 12 мектеп жанында көшпелі (жылжымалы) лагерьлерде 250 оқушы (9- 10 сыныптар аралығында) демалады. Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 190 оқушыны қамтитын көшпелі (жылжымалы) туристтік лагерьлер ұйымдастырады. Ауыл сыртындағы аудандық «Балдәурен» лагерін ұйымдастыру жоспарлануда. Бұнда 6 ауысымда 180 оқушы жазғы демалыспен қамтылады, - деді Асхат Хамитұлы.

444470322_1016040653858942_1224029330111593677_n

Сонымен қатар аудандық статистика басқармасының басшысы Қуаныш Исмағұлов 2024 жылдың 6 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді атап өтті. Өзгерістер ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді. (Өзгерістерді газеттің кезекті санынан оқи аласыз).

Жиын барысында сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Лездемені аудан басшысы қорытындылады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале