Кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Қайыңды ауылының мектеп бітіргендеріне 10, 20, 40 жыл болған түлектері ауылға тамаша сый тарту етті.
Березин ат.ОЖББМ-нің 1984 жылы бітірген түлектері игі бастама жасап, 400 000 теңге қаражатқа ауылға қар аршу бұрышын (угольник) тарту етсе, 20 жылдық мектеп түлектері “Қош келдің Қайыңды” ауыл белгісін тарту етті. Құны 1 млн 100 мыңге теңге.
Сонымен қатар Қайыңды атындағы ЖОББМ-нің 2014 жылғы түлектері құны 600 мың тұратын стрит воркаут сыйға тартып, ауыл тұрғындарының алғысына бөленді.
«Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды» дегендей, әркімге өзінің туған жері, ауылы ыстық. Ауылдың гүлденуін, көркеюін қалаған әр жылғы мектеп түлектері 2 млн қаражатқа орталық саябаққа (бручатқа) төсеп берді.
Салтанатты шарада сөз алған округ әкімі Айбол Губашев әр жылғы түлектердің жасаған тамаша сыйына ақ жарма тілегін жеткізіп, алғысын білдірді.
Ауылдың болашағы үшін жасалатын жұмыстар жалғасын таба берсін.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы