Бүгінгі мерекеде түлектер сыйы толастар емес. Қараөзендік түлектер де білім беріп, өмірге қанат қақтырған мектебіне, өскен ортасы туған жеріне тағзым етуді ұмытқан емес.
Бүгін Қараөзен ауылында да сан түлектер бас қосып, ұстаздарын ардақтап, ауылдарына сый-сияпатын жасады.
Атап айтар болсақ, 1994 жылы бітірген 30 жылдық түлектер Қараөзен ауылы Құлақ көшесіне құны 4 млн. тұратын балалар ойын алаңын орнатса, 2004 жылы бітірген 20 жылдық түлектер ауылға киіз үй және мектепке музыкалық аппаратураны тарту етті.
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы