27.05.2024, 13:00
Оқылды: 73

Оралда қызмет кезінде қаза болған полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды

Оралдағы Бауыржан Момышұлы атындағы №46 мектепте кадет сыныбы ашылды.

WhatsApp Image 2024-05-27 at 12.32.22

Оған қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкері полиция сержанты Иват Мумбаевтың есімі берілді. Ашылу салтанатына полиция қызметкерінің қарындасы Светлана Құбайдоллақызы, БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, БҚО ПД бастығының орынбасары Нұрмахан Жалғасов, полиция қызметкерлері мен мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.

Кадет сыныбының негізгі бағыты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға сапалы білім мен үлгілі тәрбие беру, оларды азаматтық және әскери қызметке дайындау, білім беру мен мәдениетті арттырудың озық үлгілерін жаңғырту.

WhatsApp Image 2024-05-27 at 12.32.56

Иват  Құбайдоллаұлы - Орал қаласының маңындағы Ветелки ауылында 1969 жылы 23 қыркүйек күні дүниеге келген.

Қаладағы №20 мектепті бітірген.

1984 жылы Оралдағы №6 кәсіптік-техникалық училищесіне тепловоз жүргізушісі мамандығы бойынша оқута түскен.

Аталған училищеде оқып жүріп, 1987 жылы локомотив жүргізушісінің көмекшісі болып жұмысқа орналасады.

1988 жылы Кеңес әскери қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын атқаруға кетеді.

Әскер қатарында аткыштар бөлімше командирі болып қызмет етеді.

1990 жылы туған елге оралып, сол жылы ПО-ға Оралдағы медициналық айықтырғыш бөліміне милиционер болып қабылданған. Алғашқы дайындық курсын 13.11.1990 - 18.05.1991 жылдары Қостанай ІІБ облыстық атқару комитетінің облысаралық оқу орталығында өткен.

1992 жылдың 4 қантар күні қауіпті тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде жарақаттанып қайтыс болған.

- Тәуелсіздік жылдарында қылмысқа қарсы күресте облысымызда 32 полиция қызметкері қаза тапты. Олардың ерлігінің алдында тағзым ету — кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Департамент және өзімнің атымнан ерлік пен қаһармандық үшін қаза тапкан полицейлерді өмірге әкелген, еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеген ата-аналарға басымды иіп, алғысымды айтамын. Қызметтік борыштарын атқару кезінде ерлікпен қаза тапкандар есімі отандастар есінде мәңгі қалады, - деп атап өтті полиция полковнигі Н.Тоғайбайұлы.

БҚО ПД

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале