27.05.2024, 23:05
Оқылды: 56

Теректі ауданындағы жұмыссыз жастар мәселесі қалай шешілуде?

Еңбек мобильдігі орталықтары, яғни «Мансап» орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды қолға алды.

0677c19a_0c67_4222_806f_52389b65c53d_51ab49ece2Фото: kyzylorda-news.kz

Айта кетейік, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының ең басты мақсаты — жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен ең алғашқы жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету. Тінін тарқатсақ, бұл жоба бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқ жандарға арналған.

‐ Оқу орындарының түлектері үшін жұмыс орындары олар алған немесе ұқсас мамандық бойынша құрылады.

Ал жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады.

Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жобаға қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша «Мансап» орталығына жүгінуі керек. Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), егер бар болса білім туралы құжаттардың көшірмесі қажет, - дейді Теректі ауданының Мансап орталығы маманы А.Сахипкереева.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале