28.05.2024, 10:00
Оқылды: 59

Тасқын кезінде су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналған

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Өзен Орал ЖП

Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналды. Айта кетейік, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

«Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді», – деді су ресурстары және ирригация министрі.

Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.

Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленеді.

Сондай-ақ елді мекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале