28.05.2024, 17:15
Оқылды: 45

«Worldskills» байқауының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Бүгін Жаңақала колледжінде «Worldskills» чемпионатының «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

жанакала чемпиоант (1)

Шара мақсаты әлемдегі кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесін, жоғары кәсіби стандарттарын көтеру, жұмысшы кәсіптерін әлем бойынша халықаралық байқаулар арқылы танымал ету, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының шеберлік дағдыларын арттыру.

22 жасқа дейінгі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жас мамандар, өндірістік оқыту шеберлері қатысқан аталмыш додада 10 команда жеке және ұжымдық сапа мен техникалық қабілеттерін көрсете отырып, бақтарын сынайды.

IMG-20240528-WA0260(1)

Атап айтсақ, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, Орал политехникалық колледжі, А.Иманов атындағы жол-көлік көлледжі, жоғары аграрлық техникалық колледжі, жоғары инженерлік технологиялық колледжі мен Бөкей Орда, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Жаңақала аудандарының кәсіптік білім беру ұйымдары.

Салтанатты жиында бас сарапшы Бөрлі колледжінің қызметкері Дархан Қажықайыров пен БҚО әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Райгүл Қуанышқалиева құттықтау сөз алып, барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылатын кәсіби шеберлік чемпионатының қорытынды кезеңі Оралда өтіп, жеңімпаз команда күз айында болатын республикалық кезеңге жолдама алады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20240528-WA0257(1) IMG-20240528-WA0258(1) IMG-20240528-WA0257 IMG-20240528-WA0259(1) IMG-20240528-WA0260 IMG-20240528-WA0256

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале