29.05.2024, 17:15
Оқылды: 56

Қазақ қалай азайды?

1928 жылғы 27 тамызда жарияланған тәркілеу қаулысы бойынша Қазақстан көлемінде көшпелі шаруашылықтан 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі шаруашылықтан 300 шаруашылықты, ал отырықшы шаруашылықтан 150 шаруашылықты тәркілеу жоспары белгіленеді.

Наурыз ЖП

Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Бұл науқанды аяқтау 1928 жылдың 1 қарашасына белгіленіп, жергілікті жерлерде жедел комиссиялар тобы құрылады. Алайда науқанның қорытындысы бойынша  іс-жүзінде 696 шаруашылық тәркіленіп, олардың 619-ы тәркіленген округінен тыс жерлерге айдалады.

Тәркіленген мал-мүлік кедейлер мен колхоздарға таратылады. Шаруларды күштеп ұжымдастырудың нәтижесінде колхоздар саны күрт өсіп 1928 жылы - 2 354, 1929 жылы - 4 876-ға жетті. Осы жылдары елде аштық етек алып қазақтар 1 миллион 750 мың адамын аштыққа беріп, өз ұлтының 49 пайызынан айырылады.

 

                                                    Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress. kz

 («Байлар қалай тәркіленді?». Орал. 2024 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале