29.05.2024, 15:30
Оқылды: 73

Комиссия шешім шығарды

Теректі ауданында аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. 

62f5b066-1dba-4f44-8d48-7c049c0da73c

Жиынға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, жергілікті полиция және көші-қон полициясы қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауын 7 шілдеге тағайындау туралы, сайлау бойынша сайлау округін құру және сайлауға әзірлік жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын бекіту жайы қаралды.

Комиссия төрағасы Арсен Бисенғалиев Ақсуат ауылдық округінде өткізілетін сайлау туралы аталған мәселелер бойынша дауысқа салды. Ұсыныс комиссия мүшелерімен талқыланып, бірауыздан қабылданды.

Комиссия төрағасының орынбасары Аманғали Байғали сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жоспарды бекіту жайында баяндады.

Жиын соңында аталмыш мәселе бойынша комиссия тарапынан шешім шығарылды.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале